Бірінші TEMIRADAM Training сайыстық жаттығуын өткізді

1 June 2020

Қазақстандық Триатлон Федерациясы бірінші TEMIRADAM Training сайыстық жаттығуын өткізді. Бірінші сайыстық жаттығу Қосшы ауылына бағытталғандағы Қарқаралы тас шолының бойында өткізілді. Сайыскерлер дуатлон бойынша сайысып, 5 км жүгіру, 20 км велодода және тағы 2,5 км жүгіруден құарлған қашықтықты бағындырды.

Барлық сантиарлық талаптарға сай 50 спортшыға арналған транзиттік зоналардың ұйымдастырылғанына және 93 спортшының сұраныс жасағанына қарамастан, бірінші TEMIRADAM Training жаттығуына төрт спортшы қатыста. Бұл астаналық триатлон сүйер спортшылар қоғамының жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші деп білеміз. Әйтсе де пандемия тунелінің соңынан сәуле іздеген Нұр-Сұлтан триатлоншылары үшін өткен демалыс күндер жақсы өтті деуге әбден болады.

Еске сала кетейік, ұлттық федерация пандемия басталмастан бұрын Орта Азиядағы Қырғызстан мен Өзбекстан секілді елдерді қамтитын географиясы кең сайыстар өткізуді жоспарлап отырған болатын. Ал бірінші транұлттық Шымкент-Ташкент іс-шарасы 11 сәуірде басталуы кере еді. Вирус барлық жоспарларды өзгертіп, додалар белгісіз уақытқа қалдырылды. Тіпті кейбір бұл жылы триатлон бойынша мүлдем жарыс болмайды деп болжағандар та аз емес еді. Алайда астананың түрлі жерлерінде сайыс түріндегі жаттығулар сериясы TEMIRADAM Training жобасының бастау алуы – ірі додалардың алыс емес екендігін дәлелдегендей.

Келесі болатын TEMIRADAM Training туралы ақпарат www.triathlonorg.kz немесе федерацияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланатын болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi