Қысқы триатлонға тіркелу

1 February 2021

Құрметті достар!

Күнтізбеміздегі маусымның ашылуына арналған сайысқа қатысуға шақырамыз! Жеке есептегі дода форматында өткізілетін Қысқы триатлон!

Қашықтық: жүгіру – 2 км, велокезең – 3 км, шаңғы жарысы – 2,5 км.

Жеке есептегі сайыс 21 ақпанда өткізіледі.

Өткізілетін орны – Астана Триатлон парк.

Тіркелу 8 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон федерациясының www.triathlonnursultan.kz ресми сайтында жүргізілмек.

Қосымша ақпаратты астаналық федерацияның @astana_triathlon парақшасынан алуға болады.

Қатысу құны 3000 теңгені құрайды. Сайыскерлерден жиналған тіркелу жарнасы тікелей қайырымдылыққа жұмсалмақ.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi