Қапшағайда триатлоннан республикалық сайыстар өтеді!
11-12 қыркүйекте Қапшағай су қоймасында триатлоннан бірнеше республикалық сайыстар өтеді: Elite санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Ашық Кубогының ІІ кезеңі және U15, U17, U19, U23 санатындағы спортшылар арасында суперспринт қашықтығындағы триатлоннан ҚР Ашық чемпионаты.
Сайыстардың мақсаттары мен міндеттері:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту мен танымал ету;
- балалар-жасөмпірімдер спортын дамыту;
- ҚР ұлттық құрамасын қалыптастыру мақсатында мықты спортшыларды анықтау;
- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың шеберлік әрі біліктілік деңгейлерін арттыру.
Сайыс бағдарламасы
11 қыркүйекте Elite санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықта медальдар комплекті ойнатылатын болады. Дистанция 1500 м жүзу, 40 км велосайыс пен 10 км жүгіруден құралады.
12 қыркүйекте сайыс алаңына ҚР Ашық Чемпионатының қатысушылары шығады. Eliteб U15, U17, U19 және U23 спортшылары суперспринт қашықтығында (300 м жүзу, 10 км велосайыс, 2 км жүгіру) бақ сынамақ.
Өткізілетін орны: Алматы облысы, Қапшағай су қоймасы, Ривьера демалыс аймағы (оң жағалау, Рауан ы/а).
Басталуы: 10:00 сағ.
Сайыстың бас серіктесі: Михаил Кузнецов
Сайыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және дене шынықтыру министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ (әрі қарай – ҰОК), «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ (әрі қарай – ҚТФ), Ақтөбе облыстық триатлон федерациясы және Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Бас серіктестердің қолдауымен: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Ақтөбе облыстының әкімдігі.