Сергей Майер: Бізді маңызды маусым күтіп тұр
ҚТФ спорт директоры федерацияның 2022 жылға қойылған жоспарлары туралы баяндап берді
Өткен екі жылда COVID-19 пандемиясының кесірінен ірі спорттық іс-шаралар толыққанды өткізілмеді. Алайда ауру аздап шегініп, бүгінгі таңда орын алып отырған саяси жағдайға қарамастан, 2022 жыл айтулы спорттық оқиғаларға толы болмақ. Бұл қазақстандық триатлонға да байланысты: еліміздің жеті аумағында әуесқойларға арналған 7 триатлон сайысы мен 3 челлендж, ұлттық біріншілік пен кубок аясында 17 жарыс жоспарланған. Жылдың басты жаңалығы – ел астанасында алғаш рет өткізілетін құрлықтық чемпионат. Қазақстандық Триатлон Федерациясының маусымға қалай дайындалып жатқандығын ҚТФ спорт директоры Сергей Майер баяндап берді.
Қайырлы күн, Сергей! Постпандемиялық жыл мен Токиода өткен ойындардың қорытындысы әлемдік триатлонға қалай әсер етті? Сіздің ойыңызша бүгін фаворит деп кімді айта аламыз?
- Жалпы айтқанда пандемия барша қоғамға әсер етті және де оның салдары әлемдік спорт қауымдастығында көпке дейін сезілмек. Соншалықты білінердей мықтылардың қатары ауыса қойған жоқ. Әлемдік фавориттер қатарында бұрыгғы құрамалар: АҚШ және Испания, Германия секілді еуропалық елдер. Соңғы уақытта бұларға Норвегияның қосылғандығын білеміз.
Әлемдік қауымдастыққа оңай соқпаған пандемиядан кейінгі 2021 жылды Қазақстандық Триатлон Федерациясы қалай өткізді?
- Өткенге көз тастай отырып, ҚТФ пандемиядан кейінгі маусымды өнімді өткізді дей аламаын. Маусымаралық уақытта сайыс күнтізбесін жаңғыртатынымызға кәміл сенімді болды. Белгілі шектеулерге ұрынғанымен жұмыс істеудің әр мүмкіндігін босқа жібермеуге тырыстық. Әр уақыт жағдайды бақылап, сайыстарға дайындықты тоқтатпадық, жергілікті федерациялармен өзара байланысты нығайттық. Барша аймақтық бапкерлермен сұхбаттасып, олардың ойларын стратегиялық жоспар жасағанда ескердік. Себебі, әрқайсысының триатлонды дамыту жолына қатысты өз ойы бар.
ҚТФ жаңа маусымда қандай мақсаттар қойып отыр?
- ҚТФ бастапқыда үш негізгі мақсат қойған еді. Біріншісі — спортты офлайн және онлайн алаңдарда танымал ету, яғни ресми сайтты жүргізу, әлеуметтік желілерде белсенді болу. Мұның барлығы триатлон туралы сенімді дереккөз болмақ. Екінші кәсіби спортты дамыту. Бұл дегеніңіз — ұлттық команда мен бапкерлер құрамын құру, олардың жаттығу, тамақтану, жабдықтану, сайыс, оңалу және т.б. қызметін қаржыландыру. Және соңғы бағыт – елімізде жоғарғы деңгейдегі триатлон сайыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі деңгейді қолдап, әрі қарай дамыту өте маңызды. Себебі, бұл спортшыларымызға бәсекелесуге дұрыс жағдай туындатады. Болашақта олар халықаралық деңгейде де қажетті деңгейдегі шеберлік көрсете алады. 2022 жылғы маусымның басты мақсаты – сәйкес деңгейде Азия чемпионатын өткізу. Дода астанамызда 23 шілдеде болады. Сонымен қатар, бұрын соңғды республикалық триатлон сайыстары өткізілмеген аймақтарда спорттың дамуына үлес қосу. Бұл жолы назарымыз Алматы облысына аудардық.
Алда келе жатқан Азия чемпионатынан не күтеміз?
- Спортшылар, бапкерлер, жанкүйерлер мен ресми өкілдерді қоса алғанда сапалы сайыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең бастысы – қазақстандық құрама командадан жоғары сынамалы жүлделер күтеміз, өйткені, олардың бұған барлық мүмкіндігі де бар, мұршасы да жетеді.
Аймақтардағы триатлон орталықтарымен қандай жұмыстар жүргізілмек?
- Негізгі мақсаттарымызға жету жолындағы жұмыстар облыстық деңгейде де толыққанды жүргізіліп жатыр. Жергілікті федерациялардың жұмысы аймақтағы триатлонның танымалдылығын арттыруға, өз сайыстарын жүргізуге, республикалық құраманы қамтамасыз ететін аймақтық құрама командасын жабдықтауға бағытталған.
Әуесқой спортшыларға қандай жаңалықтар дайындадыңыдар?
Бізді маңызды маусым күтіп тұр. Алғаш рет жаңа қалаларда сайыс ұйымдастыратын боламыз — Талдықорған мен Алакөлде. Оның үстіне ҚТФ паратриатлон саласына алғаш рет қадам басқалы отыр. Талдықорғанда көру қабілеті нашар спортшылар арасында ұлтты біріншілік алғаш рет өтеді. Бұл қазақстандық параспорттң даму жолындағы маңызды қадам деп ойлаймын.
Классикалық қашықтықтағы сайыстарымыз бен Ақтаудағы финалды ескермегенде, әуесқойларға жаңа сайыстар ұсынып отырмыз: Талдықорғандағы «пирамида» және ел астанасындағы «эстафета 2+1». Бұл форматтағы сайыстар елімізде алғаш рет өтеді. Пирамида қатысушылары үздіксіз бес кезеңнен өтулері керек: 2 км жүгіру, 8 км вело, 300 м жүзу, 8 км вело, 2 км жүгіру. «Эстафета 2+1» – кәсіби аралас эстафетаның бір түрі, тек спортшылар саны қысқартылады. Осылайша, әуесқойлар өздерін кәсіби деңгейдегі командалық сайыста өздерін сынай алады.
Сұхбатыңызға рахмет! Қазақстандық триатлоншыларға сәттілік тілейміз!