Шымкент-Ташкент додасы кейінге қалдырылды
Шымкент-Ташкент сайысының қатысушыларына!
Орта Азиялық Триатлон ассоциациясы Шымкент-Ташкент додасын кейінге қалдыруға мәжбүр болып отырғандығын хабарлайды. Тұрақсыз санитарлы-эпидимиологиялық жағдайға байланысты мұндай ірі халықаралық доданы өткізу мүмкін емес болып отыр. Сайыстың ендігі өткізілетін мерзімі қосымша хабарланады.
Біз жағдайдың жақсаратындығына үміттеніп, осы додаға тыңғылықты дайындалған едік. Елдегі тұрақсыз жағдай сайысты екінші рет кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Кейбір сайыскерлердің Орта Азия елдерінен келуі әрі веложарыс кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту қажеттігін ескерсек, шекаралардың жабық болуы сайыстың өткізілу күнін шегіндіруге мәжбүрледі.
Сайысты асыға күткен әрбір спортшы осы шешіммен келісетініне сенеміз. Себебі, әрбір қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - САТА-ның басты мақсаты.
Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу жағдайы Қазақстанда болсын, шетелде болсын бірдей екендігін атап өткен жөн. World Triathlon Абу-Даби мен Монреальдағы Әлем чемпионаты сериясының кезеңдерінің өткізілу күнін қарашаға және тамызға ауыстырды. Цофингенде болатын ұзақ қашықтықтағы дуатлоннан Әлем чемпионатын қыркүйек айынна ауыстырылды. Ironman сайыстары да жыл соңына қалдырылып, ал кейбірі бірден келесі жылға жоспарланды.