“TEMIRADAM” Кубогының І кезеңінің сайыскерлер тізімі
“TEMIRADAM” Кубогының І кезеңінің сайыскерлеріне!
Сайыскерлер тізімі
Қапшағайда өтетін сайысқа тіркелу жабылды және сайыскерлер тізімі жасалды. Көрсетілген сайыскерлері тізімімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз. Спортшыларды топтарға бөлудің бірден бір себебі – транзиттік зонаға өту кезінде өзара арақашықтықты барыншы алыстату, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жолдарды жабу
Барлық сайыскерлерді сайыс өткізілетін жерге алдын ала келулерін сұраймыз. 2 мамырда таңғы сағат 8.30-дан бастап жолдар жабылады.
Эстафеталық командалар
Эстафетаны беру тайминг чипын команда мүшелерінің бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Жүзу кезеңі аяқталысымен жүзгіш чипты транзиттік зонаға КІРГЕНГЕ ДЕЙІН арнайы көрсетілген жерде береді.
Велосипедші транзиттік зонаны өтеді. Сөрелік номерін артына қаратып тағуына рұқсат беріледі.
Эстафетаны веосипедшіден жүгіруші спортшыға беруі транзиттік зонаны ӨТКЕННЕН КЕЙІН арнайы көрсетілген жерде жүзеге асырылады. Жүгіруші спортшы сайысқа толық дайын болуы тиіс.
Эстафетаны беру жерлерін транзиттік зона төрешілері көрсетіп отырады.
Сөрелік нөмірлер
Сөрелік нөмірлерді беру 2 мамырда транзиттік зонаға кірер алдында үйлестіріледі. Мекен-жайы: Қапшағай қаласы, 3-линия, 3Б, “Rivera” демалыс аймағы.
Сөрелік нөмірді алу үшін:
- Сайыстың басталу уақытынан кем дегенде 3 күннен кеш емес уақытта коронавирусқа тапсырылған ПЦРтестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама беру. Анықтамалар сөрелік нөмірлерді беру кезінде қағаз түрінде көрсетілсе болады, немесе testta-1@temiradam.com поштасына электронды түрде қабылданады. Хат тақырыбында сайыскердің толық атыжөнін көрсетуіңіз қажет.
- Жеке куәландырушы құжатыңызды немесе ҚТФ спортшысы лицензиясын көрсетуіңіз қажет.
Сөрелік нөмірлер бөгде кісілерге берілмейді.