Сарандағы сайыстар болмайды
Спортшылардың назарына!
Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 10.07.2021 жылғы №23- Қ «Қарағанды облысындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысына сай Қарағанды облысы Саран қаласында 7-8тамызға жоспарланған келесі сайыстар болмайды:
- Elite санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Кубогының II кезеңі;
- U15 санатындағы спортшылар арасында спринт қашықтығындағы триатлоннан V Жастар ойыны;
- Pro және Age Group санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы «TEMIRADAM» Кубогының V кезеңі.
Күні кеше Павлодарда жоспарланған сайыстардың Саранда болатындығын жариялаған едік, өкінішке орай, бұл аймақта да сайыс өткізу мүмкін болмай отыр. Павлодар мен Сарандағы сайыстарға тіркеліп, жарна төлеген спортшылардың қаражаттары виртуалды шотқа автоматты түрде аударылатын болады. Бұл қаражатты осы маусымның аяғына дейін пайдалауларыңыз қажет.
Сонымен қатар, Павлодар мен Сарандағы сайыстарға тіркеліп, жарна төлеген спортшыларға осы сайыстарға арналған TEMIRADAM медальдары мен сайыс қалташалары таратылатын болады. Бұларды қашан және қалайша алу қажеттілігі туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.
#triathlonorgkz командасы елдегі эпидемиологиыляқ жағдайдың жақсарып, күз басында маусымның басты сайысында Азия чемпионатында кездесеміз деген үмітте. Және де «TEMIRADAM» Кубогы аясында бізді тағы да екі дода – в Ақьөбеде (12 қыркүйек) және Ақтау (26 қыркүйек) күтетіндігін еске саламыз.
Барлық өзекті ақпаратты www.temiradam.com сайтымыздан таба аласыздар.