ЮНИОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ КУБОГЫ МАЛАЙЗИЯ, КАМПАР

20 July 2025

Қазақстандық жас триатлеттер — Малайзиядағы Азия Кубогының триумфаторлары!

19–20 шілде 2025 жылы Малайзияның Кампар қаласында өткен U19 жасөспірімдер арасындағы Азия Кубогында (Junior Asia Triathlon Cup) Қазақстан құрамасы халықаралық аренада сенсациялық нәтижелер көрсетіп, өз мүмкіндігін айқын дәлелдеді. 17 елден келген 85 мықты спортшы қатысқан жарыста дәл қазақстандық юниорлар жоғары қарқын көрсетіп, жеке сында да, командалық эстафетада да айқын басымдық танытты.

Жеке сындағы жарқын нәтижелер

Рамазан Айнегов спринт қашықтығында тамаша өнер көрсетіп, Азия Кубогының чемпионы атанды. Ол дистанцияның барлық кезеңінде жоғары дайындықпен, төзімділікпен және мінсіз техникасымен көзге түсті.

Қанай Елмұрат қола медаль жеңіп алып, пьедесталға көтерілді. Оның табандылығы мен мықты финиш рывогы жарыстың шырайын кіргізіп, Қазақстан жас құрамасының жоғары деңгейде дайындалғанын дәлелдеді.

Жеке сында бірден екі жүлде — бұл алдағы құрлықтық және әлемдік жарыстар алдында Қазақстан жас спортшыларының үлкен әлеуетінің айқын көрсеткіші.

Эстафетадағы алтын — Азияның мықты командаларынан басым түсу

Mixed Relay (аралас эстафета) сайысында
Диана Ержанова, Илья Крупяков, Алуа Нұрмұхамбет және Аманат Оразбек
құрамындағы Қазақстан командасы сенімді түрде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандықтар Оңтүстік Корея (2 орын) мен Сингапур (3 орын) сияқты Азияның дәстүрлі мықты құрамаларын артта қалдырды.

Бұл жеңіс бәсекелестіктің жоғары деңгейін ескерсек, ерекше маңызды. Біздің команда тамаша үйлесімділік, стратегиялық ойлау және бастан-аяқ жоғары қарқын көрсетіп, аймақтың үздік командаларына мүмкіндік қалдырмады.

Малайзиядағы нәтиже — жүйелі еңбектің жемісі

Бұл медальдар тек жеңіс белгісі емес — бұл жүйелі дайындықтың, жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысының және атлеттердің үлкен еңбегінің нәтижесі.

Қазақстан триатлоны тағы да өз мектебінің мықтылығын дәлелдеді, ал біздің юниорлар ең жоғары деңгейде күресуге дайын екендерін көрсетті.

Барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, ата-аналарды және осы жетістікке үлес қосқан барша жанды құттықтаймыз!

Алға, жаңа белестерге!
Қазақстан — Азия триатлонының көшбасшыларының қатарында!


Saıystar kúntizbesi