Аустралияда 2018 жылдың үлкен финалы мәресіне жетті

17 September 2018

Өткен демалыста Аустралияда маусымның басты жарысы – триатлон бойынша әлемдік серияның гранд-финалы өтті. Elite санатындағы ең мықты спортшылар «стандартты» қашықтықты бағындырып қана қоймай, әлем чемпионы атағы үшін бәсеке түсті.

«Стандартты» қашықтықты 01 сағат 44 минут 34 секундта бағындырған француз спортшысы Винсан Луи (Vincent Luis) үлкен финалдың ерлер арасындағы жеңімпазы атанды. Жеңімпазға 14 секунд жеңілген испандық Марио Мола (Mario Mola) екінші орынды иеленді. Ол жарыстардың жалпы есебінде үздік атанып, қатарынан үшінші рет триатлон бойынша әлем чемпионы атағын алды. Оңтүстік-африкалық спортшы Ричард Маррэй (Richard Murray) 01 сағат 44 минут 56 секунда мәреге жетіп, үздік үштікті тұйықтады.

Әйелдер арасында 01 сағат 52 минут көрсеткішімен аустралиялық Эшли Джентл (Ashleigh Gentle) үздік болды. Оған небары 2 секунд жеңілген великобританиялық Вики Холанд (Vicky Holland) екінші болып мәреге жетті. Финалдағы екінші орынға қарамастан, Вики Холланд жалпы сайыстық есепте үздік болып, әлем чемпионы атағын иеленді. Үлкен финалдың қола жүлдесі 01 сағат 52 минут 33 секунд көрсеткішімен американдық  Кэти Заферестың (Katie Zaferes) еліне аттанды.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi