Қарағанды облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтеді!
20-21 шілдеде Қарағанды облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтеді!
Қазақстан Республикасының триатлоннан V жазғы спартакиадасы – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен триатлоннан өткізілетін ұлттық біріншілік.
Сайыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Қарағанды қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.
Сайыс ұйымдастырушысы: Қарағанды облыстық Триатлон Федерациясы Қазақстандық Триатлон Федерациясы.
Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, Tengrinews.kz, Weproject.
Сайыс мақсаты:
- Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
- қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
- үздік спортшыларды анықтау.
Қазақстан Республикасының триатлоннан V жазғы спартакиадасы аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:
- Elite санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «стандарт» (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
- Elite санаты (13 жастан жоғары), дисциплина – аралас эстафета триатлон 2+2, дистанция – 250 жүзу, 6,6 веложарыс, 1,6 км жүгіру.
Республиканың түрлі аймақтарынан келген 150-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің VІІ кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.
«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады:
750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру
Түрлі аймақтардан келген 130-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы аясында өткізілетін жарыс кестесі
Күні |
Уақыты |
Іс-шара |
20 шілде |
09.00 сағ. |
Elite санатындағы жарыс басталуы - ерлер |
09.05 сағ. |
Elite санатындағы жарыс басталуы - әйелдер |
|
11.45 сағ. |
Elite санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
|
21 шілде |
9.00 сағ. |
Elite санатындағы жарыс басталуы - эстафета |
10.45 сағ. |
Elite-эстафета санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
|
11.30 сағ. |
Age Group санатындағы жарыс басталуы |
|
14.00 сағ. |
Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау |
Анықтама
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.
Байланыс
«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ
010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе
Веб-сайт: www.triathlon.org.kz
+7 705 306 77 11