Павлодарда триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің Финалы өтеді!

21 August 2019

24-25 тамызда Павлодар қаласында триатлоннан екі күндік республикалық сайыстар өтеді!

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің финалы – Қазақстандық Триатлон Федерациясы бастамасымен өткізілетін кәсіби спортшылар арасындағы ұлттық біріншілік. Сонымен қатар, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) спортшылар арасында триатлоннан ҚР Чемпионаты өтеді.

Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс ұйымдастырушысы: Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Vesti.kz, WE project Media.

Сайыс мақсаты:

  • Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
  • үздік спортшыларды анықтау.

Целями соревнований являются:

  • пропаганда здорового образа жизни и формирование позитивных жизненных установок;
  • привлечение населения к занятиям триатлоном;
  • развитие и популяризация триатлона в Республике Казахстан;
  • повышение уровня мастерства и квалификации казахстанских профессиональных атлетов, тренеров и судьей;
  • развитие детско-юношеского спорта;
  • выявление сильнейших атлетов.

Өткізілетін жарыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

  1. Elite санаты (13 жастан жоғары), дисциплина – триатлон, қашықтық – Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру);
  2. Elite санаты (18 жастан жоғары), дисциплина – триатлон, қашықтық – «стандартты» (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру);

Республиканың түрлі аймақтарынан келген 70 астам кәсіби спортшылардың қатысуы күтілуде.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты – халық арасында триатлонды танымал ету және дамыту мақсатында Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін ұлттық турнир.

Әуесқой-спортшылар арасында «стандартты» қашықтықтағы сайыс үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру.

100-ге жуық әуесқой-спортшылар қатыспақ.

Сайыс бағдарламасы

Күні

Уақыты

Іс-шара

24 тамыз

08.45 сағ.

Ашылу салтанаты

09.00 сағ.

Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – супер-спринт – ерлер

09.05 сағ.

Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – супер-спринт – әйелдер

09.10 сағ.

Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – стандарт  – ерлер

09.15 сағ.

Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – стандарт  – әйелдер

12.00 сағ.

Elite санатындағы спортшыларды марапаттау – стандарт 

25 тамыз

09.00 сағ.

Elite санатындағы спортшылар жарысынң басталуы– супер-спринт – ерлер мен әйелдер

10.00 сағ.

Elite санатындағы спортшыларды марапаттау – супер-спринт

11.00 сағ.

Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар жарысының басталуы

14.30 сағ.

Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшыларды марапаттау

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Байланыс

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе

Веб-сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz

media@triathlon.org.kz

+7 705 306 77 11

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi