Павлодарда триатлон бойынша республикалық сайыстар аяқталды
Бүгін Павлодар триатлон бойынша Қазақстан Республикасы Кубогі финалы мен Чемпионатын қабылады. Бұл күні бірнеше сайыстар өткізілді.
Таңертеңгі бірінші сайыс Elite санатындағы спортшылар арасында Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтықта триатлон бойынша Қазақстан Республикасы Кубогі финалы аясында болды. Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 22 кәсіби спортшы екі күн бойы триатлонның ең қысқа қашықтығында (300 м жүзу, 8 км веложарыс және 2 км жүгіру) мықтыны анықтады.
Жасөспірімдер арасында құрметті үш орынды да Ақмола облысы триатлон мектебінің өкілдері алды. Ең үздік нәтиже 28 минут 35 секундты Мұрат Жәкен көрсетті. 28 минут 45 секунд нәтижесі үшін Владислав Иванов «күміс» алды. 29 минут 11 секунд көрсеткішімен Рашид Романчук үштікті тұйықтады.
Қыздар арасында өз шеберлігін кезекті рет Ашраф Камалова (Ақмола облысы) көрсетті. Оның көрсеткіші – 30 минут 35 секунд. 31 минут 31 секунд көрсеткен Юлия Озерова «күміс» жүлде алды. 33 минут 32 секунд нәтижесімен Надежда Бекмаганбетова (Ақмола облысы) үшінші болып мәреге жетті.
Павлодарлық қашықтықты сынауға екінші болып әуесқой спортшылар шықты. Олар «стандартты» қашықтықта (1500 м жүзу, 40 км веложарыс пен 10 км жүгіру) ел чемпионын анықтады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарынан келген 87 әуесқой-спортшы ел чемпионы атағы ұшін сынға түсті.
Павлодардың ауа-райы әуесқойларға жылы қабақ танытты: түнімен жауған жаңбыр басылып, күн жарқырап тұрды. Велокезеңнің басталуына қарай жол кеуіп үлгерді. Термометрлер 27°С көрсетіп тұрса, су температурасы 20°С болды. Мұндай жайлы ауа-райына қарамастан, барлық сайыскерлер мәреге жете алмады.
Бұрынғы кәсіби спортшы, триатлон бойынша сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Аслан Абдрахманов жүзу кезеңінің бірінші айналымынан кейін-ақ көшті бастап кетті. Нәтижесінде Аслан Абдрахманов абсолюттік есепте ерлер арасында жеңімпаз атанды. Оның уақыты – 2 сағат 06 минуит 25 секунд. Әйелдер арасындағы жеке абсолюттік есепте нұр-сұлтандық Айнұр Кумарова 2 сағат 40 минут 41 секунд уақытымен жеңімпаз атанды.
Эстафеталық командалар арасында Running Pavlodar командасы үздік болып шықты. Нәтижесі – 2 сағат 01 минут 55 секунд.
Сайыскерлердің нәтижелерімен Қазақстандық Триатлон Федерациясының ресми www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.