Санкт-Петербургте алғаш рет Ironman 70.3 додасы өтті

3 August 2021

Өткен демалыстарда Санкт-Петербург алғаш рет Ironman 70.3 халықаралық сайысын қабылдады. Сайысқа әлемнің 64 елінен келген 2500 астам спортшылары қатысты.

Бір мың тоғыз жүз метрден тұратын сайыстың жүзу кезеңі Гребной арнасында өтті. 90,1 км құралған велокезең Батыс жылдамдық диаметрі бойынша өтсе, 21,1 км тұрған жартылай марафон қаланың көрікті жерлері бойынша өткен.

Барлық жастағы ерлер арасында мәре сызығын бірінші болып 4 сағат 14 секундта Илья Слепов кесті. Өз аккаунтында ол сайыстан кейін әлсіреп жатқан суретін жариялаған. «Pain is temporary, glory is forever!» («Ауру уақытша, атақ мәңгілік!»), — деп жазды Слепов. Екінші болып мәреге 4:02.12 нәтижесімен Денис Крестин жетсе, Алексей Никулин (4:04.04) үшінші болды.

Әйелдер арасында 4:29.31 уақытымен Кристина Кочеткова мәреге бірінші жетті, екінші — Дарья Чунарева (4:35.41), үшінші — Юлия Антипина (4:44.11).

Параспортшы ерлер арасында 5:19.43 уақытымен Леонид Тютин жеңімпаз атанса, әйелдер арасында үздік нәтижені Ксения Выборных — 5:15.58 көрсетті. Эстафеталық командалар арасында 4:05.29 уақытымен Bolotov.lab ресейлік командасы үздік шықты.

Сайысқа қазақстандық спортшылар да қатысқан болатын. Додаға түскен алпыс төрт қазақстандық спортшылардың ерлер арасында үздік нәтижені алматылық Никита Панасенко көрсетті. Ол 4:24:10 нәтижесімен М25-29 жас санатында екінші орынға ие болды. Екатерина Шатная 5:00:25 уақытта сайысты аяқтап, қазақстандық спортшы әйелдер арасында үздік атанды. Ол F40-44 жас санатында үшінші орынды иеленді.

Сайыстың барлық нәтижелері ресми сайтында қолжетімді.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi