Шымкентте триатлоннан ұлттық біріншілік өтті
Бүгін Шымкентте триатлоннан ұлттық чемпионат өтті. Біріншілікке еліміздің он бір аймағынан келген 134 спортшы қатысты. Сайыскерлер супер спринт қашықтығында бақ сынасты. Шымкент сайыскерлерді ыстық ауа-райымен қарсы алып, қашықтықтағы сынақты күределендірді.
Элит санатындағы ерлерде бірінші орынды 0:24:48 уақытымен Иван Тутукин (Қостанай обл.) алды. Ануар Турубаев (0:25:12) ару қала Алматыға күміс жеңіп алды. Үшінші орынды Александр Автушко (Шымкент, 0:26:12) жеңіп алды.
Осы санаттағы әйелдер арасында көпшілік күткендей жеңіс тұғырына 0:27:20 уақыт көрсеткен астаналық Екатерина Шабалина мінді. Жеңімпазға бір минуттай жеңілген шымкенттік Арина Шульгина екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті алматылық Дарья Бычкова (0:29:21) тұйықтады.
Жасы кіші спортшылар да өз күшін сынап, ақтық хаттамадағы сәйкес орындарға ие болды.
U23-F
- Юлия Озерова (Қостанай обл.) — 0:28:57;
- Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) — 0:28:58;
- Аружан Аманжолова (Түркістан обл.) — 0:33:11.
U23-М
- Даниил Зубцов (Қостанай обл.) — 0:25:39;
- Алихан Абусеит (Шымкент) — 0:25:47;
- Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) — 0:26:11.
U19-F
- Милена Саприна (Алматы) — 0:30:02;
- Ева Пинчук (Нұр-Сұлтан) — 0:30:50;
- Анастасия Захарова (Ақмола обл.) — 0:31:44.
U19-М
- Егор Крупяков (Алматы) — 0:24:38;
- Александр Тен (Алматы) — 0:25:00;
- Арлан Жанабай (Ақмола обл.) — 0:25:49
U17-F
- Диана Ержанова (Нұр-Сұлтан) — 0:30:40;
- Ангелина Редченко (Ақмола обл.) — 0:31:01;
- Вероника Иванюк (Шымкент) — 0:31:51.
U17-М
- Никита Дубинский (Ақмола обл.) — 0:26:23;
- Эрик Раскулов (Ақмола обл.) — 0:26:28;
- Станислав Глок (Ақмола обл.) — 0:27:15.
U15-F
- Анель Исабаева (Ақмола обл.) — 0:30:40;
- Юлиана Петрова (Ақмола обл.) — 0:30:41;
- Виолетта Решетняк (Ақмола обл.) — 0:31:41.
U15-М
- Сергей Петров (Ақмола обл.) — 0:28:24;
- Дархан Сакен (Нұр-Сұлтан) — 0:28:37;
- Алмас Савет (Ақмола обл.) — 0:28:44.
Чемпионаттың қорытынды хаттамасымен Қазақстандық Триатлон Федерациясының сайтынан танысуға болады.