Токиода XVI Паралимпиада ойындары басталды
26 August 2021
24 тамызда Токиода XVI Паралимпиада ойындары басталды. Сайыстар Олимпиада ойындары өткен алаңдарда өткізіледі. Ойындар аясында 22 спорт түрі бойынша 539 медаль жинақтары ойнатылмақ. Олардың арасында паратриатлон да бар.
Паратриатлон сайыстары 28-29 тамыз таңғы сағат 06.30 жоспарланған. Сайыскерлер әр сайыс күні төрт медаль жинақтарын ортаға салмақ.
Алғаш рет паратриатлон Паралимпиада ойындарының бағдарламасына 2010 жылы енгізілген. World Triathlon деңгейінде паратриатлон соңғы 20 жыл бойы қолдау көріп келеді.