Ұлыбритания алғашқы аралас эстафетадан олимпиадалық доданы жеңді

31 July 2021

Олимпиадалық триатлонның алғашқы аралас эстафетасы барлық күтілген үміттерді ақтап, спринт қашықтығында қызу дода көрсетті. Ұлыбритания, АҚШ пен Франция эстафеталық командалары бүгінгі күншуақта Токионың ақтық мәресіне дейін күресіп бақты.

Токиодағы жеке есептегі сайыстың күміс жүлдегері британдық  Алкс Йи алтынға ие болды. Ол күміс медальға күрсте әлем чемпионы Венсан Луидың алдын ораған американдық Морган Пирсоннан басым түсті. Ұлыбританиялық квартет 1:23:41 уақытымен мәреге жетіп, АҚШ командасынан 14 секундқа асып түссе, үш дүркін әлем чемпионы Франциядан 23 секундқа үздік болды.

Британдық Джекссика Лермонт Кэти Заферес, Лоры Линдеманн мен Майи Кингмадан бірінші кезеңде қалыспады. Джонатан Браунли екінші кезеңде көш бастап, үшінші кезеңде Тейлор-Браун тоғыз секундтық басымдылық алды да, эстафетаны Алекс Йиге берді.

Йи велокезеңде Луи мен Пирсонның алдын орап кетті. Велоның бірінші  кезеңінде Луи бәсекелесін жеңуге тырысқанымен британдық спортшының күші басым болды. Жүгіру кезеңінің басында-ақ Йи француздан алшықтай бастады, ал мәреге сегіз жүз метр қалғанда американдық Пирсон француздың жанынан жүгіріп өтіп, екінші орынды иеленіп алды.

«Команда керемет жұмыс бітірді, мені қолайлы жағдайға қой,андары сонша, тек орнымды бермеу керек болды», - деді Алекс Йи, «Бұл менің өмірімдегі ең ауыр, ең ұзақ екі килметрлік жүгіріс болды».

Еске сала кетейік, бүгін аралас эстафеталық доданың Олимпиада ойындарындағы дебюті болып, сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Дереккөз: www.triathlon.org


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi