2021 жылғы сайыс күнтізбесіне өзгерістер енгізілді
ПАВЛОДАРДА ӨТКЕЛІ ОТЫРҒАН САЙЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің2021 жылғы04 шілдедегі«Павлодар облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы» № 15 Қаулысының 1 тармағының 7 тармақшасына сәйкес аймақта спорттық іс-шараларды (турнирлер, жарыстар және т.б.) өткізуге тыйым салынды.
Осыған байланысты 2021 жылғы сайыс күнтізбесіне өзгерістер енгізілді:
- 24 шілде Павлодарда жоспарланған Триатлоннан Elite санатындағы спортшылар арасында ҚР Чемпионаты күнтізбеден шешілді, сайыс болмайды.
- U19 санатындағы спортшылар арасында спринт қашықтығындағы триатлоннан Жастар ойыны 7 тамызда Қарағанды облысы Саран қаласында өткізілетін болады.
- Стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Кубогының II кезеңі 7 тамызда Қарағанды облысы Саран қаласында өткізілетін болады.
- Pro және Age Group санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогының V кезеңі 8 тамызда Қарағанды облысы Саран қаласында өткізілетін болады.
Бұрын Павлодарға тіркелген спортшылардың барлығы Саран қаласында болатын сайысқа автоматты түрде ауыстырылмақ. Pro және Age Group санатындағы спортшылар Саранда өтетін сайысқа қатысудан бас тартса, төленген сайыс жарнасын info@triathlon.org.kz өтінім жазу арқылы виртуалды шотқа аудара алады.
Төленген жарнаны виртуалды шотқа 4 тамыз 2021 жыл Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-ге дейін аударуға болады.
Жуырда www.triathlon.org.kz (Elite, U15) және www.temiradam.com (Pro, Age Group) сайттарында болатын доданың ережелерін, геолокациясы мен сайыс маршрутын жариялаймыз.
Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес «қазал» зонаға 12 аймақ кіргізілген: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және де Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, бізге қолдау көрсетіп, бейімді бола алатындарыңызға сенеміз.