Арцакенадағы Әлем кубогы мәресіне жетті
Бүгін Арцакенада триатлоннан Әлем кубогының квалификациялық кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан атынан шыққан жалғыз спортшы Арина Шульгина мәреге жете алмады.
«Өкінішке орай, бүгін Арина сайысты аяқтай алмады. Жүзу кезеңіндегі көрсеткен уақыт белгіленген межеден асып кетті де, велокезеңде төрешілер спортшымыздың сайысын тоқтатты. Әрине, қателермен жұмыс жасалады. Бұл додада Олимпиада ойындарының лицензиясы шешілдемі. Ендігі Мексикада тағы бір додаға барамыз. Өз-өзімізге келуге, жергілікті жағдайға бой үйретіп, сайысқа дайындалуға уақыт жеткілікті. Біз үшін долдама ұтысы аяқталған жоқ, жұмыс жалғасады» , деп пікір білдірді ҚТФ бапкері Екатерина Вышегородцева.
Еске сала кетейік, бүгін Арцакенадағы сайыста әлемнің 34 елінен келген 125 кәсіби спортшы бақ сынады. Әйелдер санатында германиялық Марлен Гомез-Исленгер 1 сағат 00 минут 51 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Оған 4 секунд ұтылған швейцарлық Жули Деррон екінші болды. Үздік үштікті 1 сағат 1 минут 9 секунд уақытта мәреге жеткен Верена Штайнхаузер (Италия) тұйықтады.