Қазақстандық Триатлон Федерациясындағы спорттық волонтерлер
Қазақстандық Триатлон Федерациясы (ҚТФ) волонтерлік бағдарламасының жұмыс істеп бастайтындығын хабарлайды. Бағдарлама аясында волонтерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚТФ бастамасымен өткізілетін барлық республикалық және халықаралық сайыстарда волонтер болуға мүмкіндік туындайды.
Бүгінгі таңда бір де бір ірі спорттық іс-шара волонтерлердің көмегінсіз өткізілмейді. Волонтерлер корпусының жұмысы көптеген ұйымдастырушылық мәседлерді шешуге, іс-шара кезінде ұмытылмас атмосфера жасап, ұйымдастырушының абыройын көтеруге, сонымен қатар спортшылар мен қонақтар, жанкүйерлердің көңіл-күйінің жақсы болуына әсер етеді.
Біздің волонтерлеріміз келесі бағыттар бойынша жұмылдырылатын болады:
- Келу-кету;
- Спорт (тікелей спортшылармен және спорттық шаралар өткізілетін орындарда жұмыс істеу);
- Допинг-бақылау;
- Протокол мен салтанатты шаралар;
- Медициналық қызмет;
- Технологиялар;
- БАҚ жұмысы;
- Көлік;
- Аккредитация;
- Іс-шараларға қызмет көрсету;
- Лингвистикалық қызмет;
- Тамақтану;
- Орналастыру.
Кем дегенде үш іс-шарамызға қатысқан әрі төрешілерден жоғары баға алған волонтер TEMIRADAM Кубогының гранд финалына тегін баруға жолдама алады. Финал 2022 жылдың 24-25 қыркүйегінде Ақтау қаласындағы Rixos Water World Aktau қонақүйінде өткізіледі.
Кез келген кісі ҚТФ волонтері болып тіркеліп, триатлонсүйер қауымның бір бөлігіне айнала алады. Қазақстаннң барлық аймақтарында дерлік сайыс ұйымдастыратын болғандықтан, бізге барлық аймақтардағы волонтерлердің көмегі қажет болады.
Егер сіз триатлонның елімізде танымал болуы мен дамуына үлес қосқыңыз, ұйымшыл командамыздың мүшесіне айналғыңыз, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу саласында баға жетпес тәжірибе алғыңыз келсе, тез арада тіркеліңіз.
ҚТФ волонтерлер қозғалысына қосылыңыз! Тіркеліңіз! Сіздерді дамуға әрі қазақстандық триатлонды жақсартуға шақырамыз.