Қазақ спорт және туризм академиясында триатлон бапкерлерерін оқытатын мамандық ашылды

23 January 2021

Қазақстандық Триатлон Федерациясы және Almaty Triathlon Federation қатысуымен Қазақ спорт және туризм академиясында алғаш рет триатлон мамандарын даярлайтын, шетелдік сараптамадан өткен тәжірибелік бағыттағы 6В01402 «Дене шынықтыру мұғалімі және триатлон бапкері» атты білім беру бағдарламасы даярланды. Қазақстан жағынан сарапшы ретінде ҚТФ бас хатшысы Максим Крят пен ҚТФ спорт директоры Сергей Майер қатысты.

Бағдарлама жайында Қазақ спорт және туризм академиясында 20 қаңтарда Almaty Triathlon Federation атқарушы директоры Руслан Когай және оқу орнының өкілдері арасында өткізілген кездесу нәтижесінде белгілі болды. Кездесу барысында бағдарламаны бірге жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Колледждер, спорт және жалпыға ортақ білім беретін мектептердің түлектерімен жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмыстарының жоспары белгіленді.

Бағдарлама триатлонның теориялық және практикалық негіздерін, триатлонның спорт жүйесіндегі рөлін, триатлон құрамына кіретін спорт түрлерінің сипаттамаларын, материалды-техникалық қамтамасыз ету, техника мен биомеханикалық аспектілерін зерттеуге бағытталған.

Кездесуге қатысқандар жаңа білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің реестрінде тіркелгендігін, академияның 2021-2022 оқу жылында жас түлектерді қабылдауға даярлығын хабарлады.

«Бүгінде триатлон - қарқынды дамып, танымал болып келе жатқан спорт түрі. Академиямыз бен триатлон федерациясының бірлесе атқарған жұмысымыз негізінен триатлон сферасындағы мамандардың теориялық және практикалық біліктілігін арттыруға бағытталды. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттағы білім бағдарламасы жасалды. Серіктестігімізге қуаныштымыз әрі сенім артқандарыңыз үшін рахметімізді айтамыз», - деп пікір білдірді оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор, п.ғ.к., доцент Д.К. Нурмуханбетова.

«Академия оқуда, спортта және кәсіби салада озат бола білетін талантты әрі шығармашыл түлектерді қабылдауды көздеді», - деді ол.

Абитуриенттер мектептен соң күндізгі оқу бөлімінде 4 жыл бакалавриатта оқиды. Техникалық және кәсіби білім алу негізіндегі жеделдетілген оқу уақыты 3 жылды құрайды.

Оқушылар республикалық немесе жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру грант негізінде немесе ақылы бөлімді оқу ала алады. Оқуға ҰБТ, шығармашылық емтихан және сұхбаттасу қорытындылары бойынша қабылданады.

Анықтама

ҚазСТА – Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласындағы басты ғылыми-спорт орталықтарының бірі. Академия дене шынықтыру саласында еңбек атқарып жүрген 25000 астам маман даярлап шығарған. Академияның оқытушылар құрамына 9 ғылым докторлары, 38 ғылым кандидаттары, 20 PhD докторлары, 15 еңбек сіңірген бапкерлер кіреді.

Қабылдау комиссиясы туралы ақпаратты  www.kazast.edu.kz сайтынан алуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi