Қостанай триатлоннан республикалық турнирді қабылдайды!

13 July 2021

17-18 шілдеде Қостанайда Elite және U23 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты өтеді.

Триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық Чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін кәсіби триатлоншылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

Бірінші сайыс күні сайысқа еліміздің түрлі аймақтарынан келген 18 жастан асқан кәсіби спортшылары сынға түседі. Спортшылар 1500 м жүзу + 40 км велодода + 10 км жүгіруден құралатын стандартты қашықтықта сайысатын болады.

Екінші сайыс күні PRO және Age Grouр санатындағы триатлоншылар арасында  «TEMIRADAM» Кубогының ІV кезеңі өткізіледі. Қазақстанның барлық облыстарынан келген 200 астам әуесқой спортшылары 750 км жүзу, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындыратын болады.

Сайыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және дене шынықтыру министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ (әрі қарай – ҰОК), «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ (әрі қарай – ҚТФ), Қостанай облыстық триатлон федерациясы және Қостанай облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бас серіктестердің қолдауымен: «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Sport Qory» Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры, Eurasian Resources Group компаниялар тобы, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Қостанай облыстының әкімдігі.

Өткізілетін орны: Қостанай қаласы, Гашек көшесінде орналасқан «КЖБИ» су қоймасы.

Сайыс кестесі

17 шілде

9:00

Elite-M санаты сайысының басталуы

9:05

Elite-F санаты сайысының басталуы

9:10

U23-M санаты сайысының басталуы

9:15

U23-F санаты сайысының басталуы

11:30

Elite және U23 спортшылары сайысынық аяқталуы

12:00

Elite және U23 спортшыларын марапаттау

18 шілде

10:00

PRO-M санаты сайысының басталуы

10:01

PRO-F санаты сайысының басталуы

10:10

Age Group санаты сайысының басталуы

12:10

Мәре

12:40

PRO және Age Group спортшыларын марапаттау

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және танымал ету;

- балалар-жасөспірімдер спортын дамыту;

- ҚР ұлттық құрамасына кадрлық резерв қалыптастыру;

- спорт төрешілері, бапкерлер мен спортшылардың біліктілігін арттыру.

Анықтама

Триатлон – жүзу, жүгіру және велоспорттан құралған кезеңдерді үзіліссіз өтуді қажет ететін мультиспортивтік спорт түрі.

«TEMIRADAM» - ҚТФ ұйымдастырған бірнеше кезең және финалдан тұратын кубок. «TEMIRADAM» кубогының иегері деп бір сайыс жылының ішінде өз жас тобы мен гендерлік санатында өзгелерден көбірек рейтингтік ұпайлар жинаған спортшыны айтады.

Қазақстандық Триатлон Федерациясы – кәсіби және әуесқойлық триатлонды, әлемдік триатлонда ілгері орынды алу және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген қоғамдық ұйым.

Мекен жай: 010000, ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Телефон: +7 777 306 77 11

Сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz, media@triathlon.org.kz


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi