2020 жылға арналған әуесқойларға арналған сайыстар күнтізбесі

12 June 2020

2020 жылға арналған Age Group санатындағы спортшыларға арналған жаңартылған сайыстар күнтізбесін назарларыңызға ұсынамыз.

Көптен күткен маусым 5-6 шілдеде Бурабайда спринт қашықтығында болатын «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңімен басталады. Дәл осы қашықтықта 11-12 шілдеде Қостанайда кубоктың екінші кезеңі болады. Сонан соң олимпиадалық қашықтықты ұнататын спортшылар Алматы мен Павлодарда болатын үшінші және төртінші кезеңдік сайыстарда өз күштерін сынай алады. Сайран жағалауындағы сайыстан соң Нұр-Сұлтанда Ironman дода болады.

19-20 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында «TEMIRADAM» Кубогының финалы болады. 2020 жылғы маусым 17-18 қазанға жоспарланған Қазақстандық Триатлон Федерациясы мен Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының бастамасымен болатын «Шымкент-Ташкент» трансұлттық сайысымен аяқталмақ. Үлкен доданың қатысушылары Шымкентте 1200 метрге жүзіп, Шымкенттен Ташкентке қарай 122 километрлік велододаны бағындырады да Ташкенттің ортасында 12 киломтерге жүгіріп, сайысты тәмамдайды.

Еске сала кетейік, ҚТФ 10 сайыс, оның ішінде 5 халықаралық деңгейдегі сайыс ұйымдастырмақ болған еді. Алайда коронавирус пандемиясы федерация мен спортшылардың жоспарларына өзгерістер енгізді.

Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын қатаң талаптардың кесірінен федерация жоспарланған сайыскерлер санын қысқартуға және бір сайыс аясында бір ғана қашықтық орнатуға мәжбүр болып отыр. Мәселен, Бурабай мен Қостанайдағы сайыстар тек қысқа қашықтықта ұйымдастырылады.

Жаңартылған күнтізбеде Ташкент, Бішкек және Душанбеде болады деп жоспарланған «TEMIRADAM» кубогының халықаралық кезеңдері көрсетілмегеніне назар аударыңыз. Аталмыш сайсытар туралы нақты ақпаратты жуырда хабарланады.

ҚТФ жаңартылған күнтізбесіндегі сайыстарға www.triathlon.org.kz сайтында тіркелуге болады. Босатылған орындарға қайтадан тіркеу туралы кейінірек жарияланады. Тіркелуге қатысты барлық сұрақтар ресми поштамызға info@triathlon.org.kz немесе әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы қабылданады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi