Жылдың үздік сайысы Каспий жағалауында – «TEMIRADAM» Кубогының финалы!
25–26 қыркүйекте Ақтауда үшінші рет маусымның басты триатлон сайыстары өткізілмек. Кәсіби триатлоншылар мен әуесқой спортшылар өздері «Қазақстандық Кона» деп атаған қашықтықта өз күштерін сынау үшін Каспий жағалауына жиналады. Барлық жанкүйерлер білетіндей бұл жылы TEMIRADAM турнирі жаңа кезеңге өтеді: бар сайыстар Орта Азиядағы бірінші бес жұлдызды Rixos Water World Aktau қонақүйінде болады. Барлығын кезекпен түсіндіреміз.
Дистанция
Сайыскерлер жалпы 113 км жартылай темір қашықтықты бағындырады. Олар Каспий суларында 1900 м жүзбек. Сайыс Rixos Water World Aktau қонақүйінің құмды жаңажайында басталады. Тоқсан шақырымдық велокезең жағалау бойымен Сарбаздар құмды жағажайына қарай бағытта өтеді. Велодода жолы жазық, еш төбесіз. Сонымен қатар, сайыс велокезеңге қарама қарсы бағытта жартылай марафонмен аяқталады. Сайыс қалашығы, транзиттік аумақ пен мәре сызығы қонақүй жерінде орналасады.
Маңызды! Вело мен жүгіру кезеңі өтетін автомобиль жолын сайыс басталмастан 1.5 сағат бұрын Жол полициясы жабады. Осыған байланысты сайыс болатын жерге келу уақыттарыңызды алдын ала жоспарлау қажет екендігін ескертеміз.
Бағдарлама
25 қыркүйек сағат 08.00 сайыс алаңына дәстүр бойынша кәсіби спортшылар шығады. Elite және U23 санатындағы спортшылар стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Ашық Кубогы финалы аясында сынға түссе, 19 жасқа дейінгі спортшылар спринт қашықтығындағы триатлоннан ҚР Ашық Кубогындабақ сынамақ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау сағат 14.00 жоспарланған.
26 қыркүйекте бірден екі сайыс өткізілмек – ҚР Ашық Чемпионаты және «TEMIRADAM» Кубогының финалы. Elite, Pro және Age Group санатындағы спортшылар жартылай темір қашықтықты бағындырады. Сайыс басталуы 08.00-ге жоспарланған болса, соңғы финишер сағат 16.40-та мәре сызығын кеседі деп күтіледі. Сайыс соңында тек Elite санатындағы спортшылар марапатталады. Ал Pro және Age Group триатлоншылары сағат 19.00 жоспарланған TEMIRADAM салтанатты кешкі асында марапатталатын болады.
Брифинг
Pro және Age Group санаттарындағы спортшыларға арналған брифинг ҚТФ YouTube арнасында жарияланады. Барлық сайыскерлердің қауіпсіздігі мақсатында брифингпен алдын ала танысуларыңызды өтініп сұраймыз. Сонымен қатар, осы арнада триатлон туралы көптеген қызықты ақпарат атаба алатындарыңызға сенімдіміз.
Сайыскер қалташалары
«TEMIRADAM» Кубогы финалының қатысушыларын тіркеу және сайыскер қалташаларын тарату 25 қыркүйекте жергілікті уақыт 17.00 - 19.00 сағат аралығында қонақүй аймағында орналасқан сайыс қалашығында жүзеге асырылмақ. Ақтау қаласына келулеріңізді ертерек жоспарлау қажет, себебі сайыскер қалташалары бөгде кісілерге берілмейді. Қалташалар жеке куәландырушы құжатыңыз немесе триатлет лицензиясын көрсеткенде ғана беріледі.
Сайыс қалашығына спортшылар Ashyq бағдарламасы арқылы кіргізілмек. Сайыскер қалташасын алу үшін барлық сайыскерлер сайыс басталардан 3 күн бұрын коронавирусқа жасалған ПЦР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамасын берулері тиіс. Анықтамалар сөрелік қалташаларды тарату кезінде қағаз түрінде немесе test-ta-1@temiradam.com поштасына электронды түрде қабылданады. Хат тақырыбында міндетті түрда сайыскердің аты-жөнін көрсетіңіз.
Вакцинация паспортының болуы ПЦР-анықтамаcын әкелуден босатпайды, себебі вакцина алғаннан кейін де инфекция жұқтыру қаупі сақталады. Еске сала кетейік, жалған ПЦР-анықтамаcын көрсету салдарынан бір жылға дисквалификация алуыңыз мүмкін. Бұл ереже туралы толық ақпарат сілтемеде көрсетілген.
Сайыскер қалташасына не кіреді?
Келе жатқан «TEMIRADAM» Кубогының ақтық сайысында таратылатын сайыскерлер қалташасының құрамына күнделікті алдыңғы сайыскер нөмірі мен жапсырмалардан бөлек:
- Жүзу қалпағы;
- Кепке;
- Жейде;
- Қалта;
- Спортшы анықтамалығы;
- TEMIRADAM салтанатты кешкі асына шақырту;
- TEMIRADAM ескерткіш медалі;
- Серіктестерімізден арнайы сыйлықтар – ASU, Rakhat Lotte, Go Nuts және #DIFFERENTYOU (Другой ты) жобасынан.
Марапаттау
Маусым басынан бастап біз КФТ клубтық жүйесіне қатысып отырған Рro спортшыларына ақшалай марапаттаулар табсытап келдік. Бас серіктестеріміз АҚ «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» және Eurasian Resources Group компаниялар тобы, сонымен бірге «Sport Qory» спорт және туризм индустриясын қолдау қорының арқасында әр сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар мен дипломдар ғана емес, ақшалай сыйлықтар алып келді. Финалдағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келесідей ақшалай сыйлықтар дайындалған:
Орын |
Топ-5 Рro-М (теңге) |
Топ-3 Рro-F (теңге) |
1 |
860 000 |
860 000 |
2 |
752 500 |
645 000 |
3 |
645 000 |
430 000 |
4 |
537 500 |
- |
5 |
430 000 |
- |
Кубоктыі жас топтары бойынша жеңімпаздары мен TEMIRADAM құрметті атағының иегерлерін дәстүр бойынша рейтингтік ұпайлары есебін жүргізіп барып марапаттаймыз.
Тіркелу
Осы ақпаратты жариялау кезінде жеке есепте 20 орын және командалық есепте он бір орын қалды. Сайысқа www.temiradam.com сайтында тіркелуге болады.
Іс-шараның толық кестесі мен Ережелері сілтеме бойынша жарияланған.
Қонақтау
TEMIRADAM ақтық сайысының серіктесі – Rixos Water World Aktau қонақүйі барлық сайыскерлерге «Барлығы қосылған» концепциясы бойынша арнайы бағалар ұсынады. Бағалар қонақүй тұрғындарына арнғалған бағаларданәлдеқайда төмен. Бқлме брондау немесе толық ақпаратты алу үшін ayana.sultanova@rixos.com электронды поштасына жазу керек.
COVID-19 салдарынан болмай қалуы мүмкін бе?
Барша спортшылар қауымы сынды біз де жыл финалы COVID-19 таралуы кесірінен қандай да бір санкцияға ұшырамайды деген үміттеміз. Оның үстіне қала қызметтері мен басшылығымен алдын ала келісімге келдік.
Әйтсе де командамыз бен барша триатлоншылар қауымының қауіпсіздігі басты мақсатымыз екендігін ұмытпайық, әрі сайыстың басқа қалаға не уақытқа, мүлдем болмай қалуын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ мұндай сценарийдің болуы екі талай, себебі, сайысты бір жыл бойы жатыққан спортшыларымыз ғана емес, барша ұйымдастыру командамазы күтті.
Егер сұрақтарыңыз қалса бізге тікелей әлеуметтік желілерде немесе info@triathlon.org.kz поштасына жазыңыз.