Спорттан тыс мінез-құлық көрсеткені үшін спортшы сайыстан шеттетілді

12 June 2021

Бүгін тікелей эфирде М-U19 санатындағы сайыскердің көрермендеріміздің көңілі қалардай әрекетіне куә болдық. Соңында спортшыны төрешілер өзге сайыскерге қатысты спорттан тыс мінез-құлық көрсетті деп сайыстан дисквалификациялады.

Қуанышымызға орай триатлон – бейбіт спорттардың бір түрі, яғни, мұнда футболдағыдай агрессиялық іс-әрекеттер кеңінен таралмаған. Алайда тамырдың жиілеп соғып, дистанцияда шаршаған жағдайда кей спортшылар кездейсоқ әрі уыстан шығып кеткен эмоцияға беріліп жатады. Триатлон тарихында кәсіби спортшылардың бәсеке қысымын көтере алмай айтарлықтай дөрекі іс-әрекетке жол берген сәттер аз емес.

Спорттан тыс мінез-құлық пен іс-әрекеттерге: жергілікті заңнаманы орындамау, саяси, дәни және нәсілдік насихатты көрсету де жатады. Сонымен қатар, спортшылар арасындағы ғана емес, спортшылардың төрешілерге, волонтерлар мен ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне қатысты көрсеткен спорттан тыс мінез-құлықтары үшін де дисквалификация салынады.

#triathlonorgkz іс-шараларының барлығы Триатлон спорт түрінің Ережелеріне сай өткізіледі. Ережелер www.triathlon.org.kz ресми сайтында көрсетілген.

#triathlonorgkz әрқашан да таза әрі әділ триатлонды жақтайды!