Түркістан республикалық триатлон додасын қабылдауға дайындалуда

19 April 2022

2022 жылғы триатлон маусымы Түркістанда ашылмақ. Түркі әлемінің астанасы екі күнге созылатын республикалық деңгейдегі доданы қабылдайды. 2019 жылы мұндай триатлон сайысы Түркістан облысындағы Кентауда өткізілген.

Бірінші сайыс күні Тұңғыш Президент саябағындағы сайыс алаңына кәсіби триатлоншылар шығып, ұлттық кубоктың рейтингтік ұпайлары үшін сынға түспек. Екінші күні сайыс алаңы мен Олимпиадалық орталықтың ашық бассейнінде Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan қатысушылары сайысады. Нұр-Сұлтана, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 150 жуық спортшының қатысуы күтіледі.

Сайыскерлер 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринттік қашықтықты үздіксіз жүріп өтеді.

Ұйымдастырушылар келешек ұлттық құраманың қатарын толықтыратын мықты спортшыларды іріктеп қана қоймай, триатлон төрешілерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр. Іс-шара ERG компаниялар тобының, ҚР темір жол көлігі мен инфрақұрылымының операторы PTC Holding, Gasenergy премиум санатты жанармай бекеттерінің, Nomad TriClub әуесқой триатлон клубы мен Tassay су маркасының қолдауымен ұйымдастырылады.

«Клубымыз үшін кең ауқымды триатлон сайысының демеушісі болу, TEMIRADAM додасының маусымын ашу үлкен мәртебе. Еліміздің түрлі саладағы дамуы жолында еңбек етудеміз. Президент жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер жұмылып, әлемдік стандарттарға сай Олимпиадалық орталықты тұрғызып берді. Осы кешеннің қабырғасында Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan өтеді. Бұқаралық спорттың, балалар спорты мен осындай іс-шаралардың өтуіне кәсіпкерлердің күш-жігер жұмсауы қуантады. Мұның барлығы Отанымыздың даңқы үшін болашақ олимпиада чемпиондарын қалыптастыруға үлкен себеп» — деп пікір білдірді Nomad TriClub клубының директоры Тимур Абилов.

«Түркістанда маусымды ашу ұлттық триатлонымыз үшін өте маңызды. Қаланы жай таңдамадық: орналасуы, ауа райы, қажетті инфрақұрылымның болуы мен жергілікті биліктің тікелей қолдауы олимпиадалық триатлонның дамуына жақсы жағдай туындатып отыр. Оның үстіне Түркістан облыстық триатлон федерациясы да бірнеше жыл жұмыс істеп келеді» — деді ҚТФ спорт директоры Сергей Майер.

«Түркістанда алғаш рет жаңа кубоктік жүйе қолданылмақ. Мұның аясында Elite, U23, U19 және U17 санаттарының 50 спортшысы абсолюттік есепте жарысады. Онымен тоқтап қалмай, мықты спортшыларды анықтаудың үздік жолдарын іздестірудеміз. Мәселен, Pro және Age Group спортшылары ашық бассейнде жарысты бастап, бірден велосайыс пен жүгіруге кірісіп кетеді. Және де аймақтық тұрғындар арасында триатлонды танымал ету бағдарламасын жүзуге асырудамыз. Бұл жолы барлық қалаған спортшыларға TEMIRADAM Challenge атты 10 км жүгіру сайысын ұйымдастырамыз» — деп толықтады ол.

Сайыс туралы толық ақпарат Қазақстандық Триатлон Федерациясының ресми сайтында жарияланған.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi