Нұр-Сұлтанда триатлон маусымының ашылуы өтті
Бүгін Нұр-Сұлтанда көптен күткен қазақстандық триатлон маусымының ашылуы өтті. Астаналық Триатлон паркінде әуесқой спортшылар арасында қысқы триатлон бойынша сайыс өтті. Іс-шараның ресми ашылуы ҚР Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сапиевтің қатысуымен болды. Олар сайыскерлерге доданың сәтті өтсін деген лебіз білдірді.
Сайысқа Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген 173 спортшы қатысты.
Сайыскерлерді қыс аязды ауы-райымен қарсы алды – термометрлер минус он сегізді көрсетіп тұрды. Спортшылар 2 км жүгіру, 3 км велосайыс және 2,5 км шаңғы жарысынан тұратын супер-спринт қашықтығын бағындырды.
Age Group санатындағы ерлер арасында абсолютті жеңімпаз атағын астаналық Александр Исаченко иеленді. Ол 25 минут 46 секунд нәтижесін көрсетті. Әйелдер арасында Айна Үсенова үздік болып шықты. Жеңімпаздың нәтижесі - 33 минут 37 секунд.
Сайыскерлерден жиналған барлық қаражат «Бірдей мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорының «Саламатты болашақ» қоғамдық бастамасына жолданбақ.
Еске сала кетейік, Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2020 жылғы триатлон маусымының коронавирус пандемиясына байланысты болмайтынын жариялаған болатын. Бүгінгі өткізілген қысқы триатлон сайысы - 2019 жылы 22 қыркүйекте Ақтауда болған Темірадам кубогының финалынан бергі бірінші сайыс. Бүгінгі таңда федерация 2021 жылға арналған күнтізбені жариялады. Онда 13 түрлі сайыстың болатындығы көрсетілген.
Қысқы триатлонның нәтижелерімен толықтай мына сілтеме арқылы танысуға болады.