Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде Спорт Медицинасы, Реабилитация және Спорттық аналитика магистратура бағдарламасы ашылды

5 May 2021

Медицина мектебінің Спорт медицинасы, реабилитация және спорттық аналитика бағдарламасы  жұмысы өткен жылы басталды. Бүгінде бағдарламаның бірінші магистранттары Қазақстандық Триатлон Федерациясында өндірістік практикадан өтпек. Бұл қазақстандық триатлонның келешектегі ғылыми кадрлық капиталын қалыптсатырудаға үлкен бастама болып отыр.

«Қазақстандық ғылым саласында спорттық медицина мен реабилитологияда зерттеушілік әрі аналитикалық машығы бар ғылымға негізделген заманауи әдістер мен технологияларды білетін жаңа зерттеушілер тапшы. Біздің басты мақсатымыз – теориетикалық білім, зарттеушілік мақыш пен тәжірибені біріктіру. Магистратцра бағдарламасының құрылымы спортпен айналысқанда зат алмасу мен тамақтануды қоса алғанда адам ағзасы жұмынысынң негізінен құралған. Студенттерге осы білімді спорттық нәтижелерді жақсарту әрі жарақаттарды қалпына келтіруде қолдану туралы бар ақпарат берілетін болады», - дейді магистратура бағдарламасы басшысының орынбасары Елтай Рахманов.

Спорттық медицина, реабилитология және спорттық аналитика магистрлік бағдарламасы – осы салада теоретикалық әрі тәжірибелік біліммен қамтамасыз ететін екі жылдық бағдарлама. Бағдарламаның зерттеушілік салаға бақытталуы түлектерге аналитикалық машықты қалыптсатыруды, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында инновацияларға үйретеді. Бұл бастаманың ұзақ мерзімді мақсаты – спорт саласында ғылымға негізделген тәжірибелік машықты дамыту.

Магистратураның негізгі бағыты халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламасын жасау мен дәлелдік тәжірибе саласындағы мамандар даярлаудан құралады. Бағдарлама түлектері спорттық медицина мен реабилитация салаларында халықаралық стандарттарға сай медициналық көмек көрсетуге қабілетті болады.

Бағдарламаны тәмамдаған түлектер:

  • Сүйек-бұлшық еттің физиология, метаболизм, биомеханика, физикалық жаттығулар физиологиясы, жарақат алу профилактикасы, спорттық медицина және реабилитология саласындағы тамақтану мен психология туралы білімін іске асыра алады.
  • Оңтайлы спорттық нәтижелерге жету үшін арнайы жаттығу режимдерін жасап шығара алады;
  • Жарақаттарды қалпына келтірудің үздік әдістерін шығара алады.
  • Криткалық әрі аналитикалық ойлау машығын пайдалана отырып спорттық медицина және реабилитология саласындағы шешуін таппай жүрген мәселелерді зерттеуде пайдалана алады.
  • Спорттық медицина және реабилитологиямен байланысты кешенді ғылыми ақпаратты сараптап тарата алады.

Магистрлік бағдарламаның түлектері Қазақстандағы және шетелдегі PhD докторантураға түсіп, оқуын жалғастыра алады. Сонымен қатар олар реабилитолог, физиотерапевт, спорт командаларының дәрігерлері, университтетер мен жоғарғы мектерпетрде дене шынықтыру мұғалімі, әскери дайындық пен сауықтыру мамандары ретінде қызмет атқара алады. Және де кәсіби спорт саласындағы фитнес және жеке спорт-гимнастикалық компанияларда жұмыс істей алады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi