Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2020 жылдан бастап барлық санаттағы спортшыларды міндетті лицензиялау туралы жариялайды. ҚТФ бастамасымен не қатысуымен өткізілетін сайыстардың әрбір қатысушысында ҚТФ триатлет лицензиясы болуы міндетті. Age Group санатындағы әрбір спортшы жылдық немесе бір реттік лицензия рәсімдей алады. Жылдық лицензия 01.01.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж....

27.12.2019

2020 жылдың 23 тамызында Орта Азия және ТМД елдерінің территориясында алғаш рет ұзақ қашықтықтағы триатлон бойынша сайыстар сериясы - BI Group IRONMAN Kazakhstan және «жартылай темір» қашықтықта BI Group IRONMAN 70.3 Astana өтетін болады. Екі сайыс та бір күнде өткізілмек. Осы жылдың жазында Wanda Sports...

25.12.2019

Бүгін Назарбаев Университетінің қабырғасында Қазақстандық Триатлон Федерациясының жыл сайынғы Конгрессі өтті. Кезекті Конгресс жұмысы екі бөлімнен тұрды: федерацияның профильді комитеттерінің жиналысы мен ресми бөлім. Комитеттердің жұмысы барысында комитет басшыларының жылдық есептері тыңдалды, аймақтық триатлон федерацияларының ұсыныстары қарастырылып, талқыға салынды. Комитеттер жұмысының нәтижесінде ҚТФ сайыстар күнтізбесі...

20.12.2019

Қазақстандық Триатлон Федерациясы 2019 жылдың үздік триатлеті мен сайысын анықтау мақсатында спорт сүйер қауым арасында сауалнама жүргізеді. Триатлон жанкүйерлері 2019 жылдың біздің триатлонымыз үшін қаншалықты маңызды әрі қызықты болғандығынан  хабардар. Федерация төрт халықаралық жарысты қоса алғанда 15 сайыс өткізді. Триатлонға қызығушылық танытып отырған жасөспірімер мен...

11.12.2019

Ұлттық құрама команда 24 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Алматы облысындағы АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Глущенконың басшылығымен өтіп жатыр. Оған құрама жаттықтырушысы Нұржан Үсіпбеков көмек беруде. Команда құрамында: Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан), Семен Пивоваров (Қостанай), Даниил Зубцов...

7.12.2019

2020 жылы қазақстандық триатлон дамудың жаңа деңгейіне шықпақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбегін» құру туралы бұйрығы жарияланғаннан кейін белгілі болды. Өткізілген ранжирлеу және барлық критерийлер бойынша ұпай сандарын есептеу нәтижесінде триатлон Қазақстанда даму потенциалы жоғары спорт түрі ретінде...

15.11.2019

ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің штаб-пәтерінде триатлоннан бас бапкердің өткен маусым нәтижелері бойынша жылдық есебі тыңдалды. Кездесуге ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комтеті төрағасының орынбасары Серік ЖАрасбаев қатысты. Есеп беру кезінде Андрей Глущенко комиссия...

15.11.2019

Бүгін Назарбаев Университетінің қабырғаларында әлемге әйгілі жүзу бапкері Геннадий Соколовастың (Genadijus Sokolovas) семинары өтті. 12-15 қараша аралығында өткізілген семинарда 50 астам қазақстандық триатлон және жүзу жаттықтырушылары қатысты. «14-17 жас аралығындағы жүзгіштерді дайындау» - өткізілген курстың басты тақырыбы болды. Курс жалпы екі бөлікке бөлінді: теоретикалық және...

15.11.2019
Saıystar kúntizbesi